jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Мұғалімдер жібермеді": Әбиба Әбужақынова Олимпиада алдында 4 емтихан тапсырғанын айтты

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: instagram.com/ abiba48

    Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова журналист Ақырыс Сейтқазының Youtube-тағы арнасына берген сұқбатында қазір сабақ пен спортты қатар алып жүргенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әбиба Әбужақынова әрдайым жарыстар мен жаттығуларда жүріп мектеп бітіру кешіне, кейін диплом табыстау рәсіміне қатыса алмаған.

    "Спортшыларда мектептегі балалық шақ болмайды. Біз әрдайым жарыстарда, оқу-жаттығу жиындарында жүреміз. Колледж бітіргенде де, университет бітіргенде де дипломымды өзім барып ала алмадым. Ешқандай шараға қатысқан жоқпын. Уақытым болмады. Дәл сол мамыр айларының соңында жарыстарымыз басталады", - деді Әбиба.

    Сондай-ақ дзюдошы екінші жоғары білім алып жатқанын айтты. Ол қазір ҚазҰУ-да заңгер мамандығын игеріп жатыр екен.

    "Қазір емтихандарымды қалдырмай өзім тапсырамын. Бірақ жарыстарда сұранамын. Мұғалімдер кейде ұрсады. Париж Олимпиадасына аттануға 1 апта қалғанда 4 емтихан тапсырдым. Мұғалімдер босатпай қойды.

    Спортта білім керек. Білімсіз адам күресе алмайды. Татамиде де тез ойлану керек дегендей. Шынымды айтсам, 7-сыныпқа дейін жақсы оқыдым, кейін сабақты тастап, спортқа кетіп қалдым. Колледжге түскенде оқыған жоқпын, тек жарыстарда жүрдім. Ал университетте сабаққа аптасына 3-4 рет баратынмын", - деді дзюдошы.

    Сонымен бірге Әбиба Әбужақынова қазіргі таңда ағылшынша сөздер жаттап, осы тілді үйреніп жатқанын айтты.

    Еске салайық, Әбиба Әбужақынова 9 жылдан бері тамақ пісірмегенін айтып, оның себебін де түсіндірген еді.

    "Мұғалімдер жібермеді": Әбиба Әбужақынова Олимпиада алдында 4 емтихан тапсырғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.