jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа ақтөбеліктер бір үйір жылқы сыйлады (фото)

    Нұрқожа Қайпанов
    Нұрқожа Қайпанов. Фото: uww.org

    Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа ақтөбелік азаматтар бір үйір жылқы сыйға тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нұрқожа Қайпанов Instagram-дағы ресми парақшасына бір үйір жылқының сертификатын ұстап тұрған фотосын жариялады. Бұл сый балуанға ақтөбелік азаматтардың атынан табысталған.

    "Еңбегімді бағалаған ағаларға мың алғыс", - деп жазды еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов.

    Осыған дейін Нұрқожа Қайпановқа кәсіпкер Ерлан Қожасбай Zeekr 001 көлігінің кілтін табыстаған еді. Кейін спортшыға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан автомобиль сыйға берілді.

    Нұрқожа Қайпанов Тиранада (Албания) өткен олимпиадалық емес салмақ дәрежелеріндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Осылайша еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны болды. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған еді.

    Еске салайық, Нұрқожа Қайпановтың жұбайы Марина Седнева Армения астанасы Ереванда күрес түрлерінен әскерилер арасында ұйымдастырылған әлем чемпионатында қола медаль иеленді.

    Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа ақтөбеліктер бір үйір жылқы сыйлады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.