jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық семсерлесушілер әлемнің үздік үш құрамасының қатарына қосылды

    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы
    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Фото: Olympic.kz

    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемдік рейтингте 3-орынға көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық семсерлесушілер Гонконгте өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде рейтингте үздік үштікке енді.

    Богдан Лукин, Георгий Тинников, Нұржан Әбжанов және Кирилл Проходов күміс медаль жеңіп алып, нәтижесінде біздің құраманың әлемдік рейтингте үшінші орынға шығуына ықпал етті.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ұлттық құрамасы да Халықаралық федерацияның (FIE) рейтингінде көтерілген болатын. Қазақстандық семсерлесушілер қазіргі таңда 4-орында тұр.

    Канадада өткен әлем чемпионатының кезеңінде Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов және Вадим Шарлаимов өнер көрсететін Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

    Қазақстандық семсерлесушілер әлемнің үздік үш құрамасының қатарына қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.