
Биатлоннан Қазақстан құрамасының өкілдері жаңа маусымдағы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы жекелей жарыстың қорытындысы бойынша үздік 80 cпортшының қатарына кіре алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
3 желтоқсанда Финляндияның Контиолахти қаласында ерлер арасында төрт атыс шебімен 15 километрге қысқа жеке жарыс өтті. Қазақстандық биатлоншылар арасында үздік нәтиже көрсеткен Владислав Киреев болды. Ол бес рет нысанадан мүлт кетіп, 87-орын иеленді.
Киреев осы сайыста жеңіске жеткен норвегиялық Эндре Стремсхеймнан 6 минут 30 секундқа артта қалды. Стремсхаймнан кейін жеңіс тұғырына оның отандастары Йоханнес Бе (бір қателік, +3,0 секунд) мен Стурла Лагрейд (қателіксіз, +21,3 секунд) көтерілді.
Сондай-ақ қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин мен Кирилл Бауэр төрт қателік жіберіп, 90 және 94-орындарға жайғасты. Ал Әсет Дүйсенов алты рет қателесіп, 102-орынға табан тіреді.
Айта кетейік, Финляндиядағы жарысқа Қазақстаннан тоғыз спортшы атанған еді. Олардың ішінде Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен спортшылар да бар. Құрамадағы басты өзгерістердің бірі Вадим Куралестің жастар құрамасынан негізгі құрамға ауысуы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2195850-qazaqstandyq-biatlonshylar-alem-kubogyndagy-algashqy-zhekelei-zharysta-satsizdikke-ushyrady/