jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бибісара Асаубаева бірден үш әлемдік рейтингте көш бастады

    шахматшы
    Бибісара Асаубаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) үш бірдей рейтингінде бірінші орын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ FIDE-нің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бибісара Асаубаева 20 жасқа дейінгі қыздар арасында үздік атанды, сондай-ақ блиц пен рапид бойынша өз жас санатындағы рейтингтерде көш бастады. Ол әйелдер арасындағы жалпы рейтингте 13-орында тұрса, рапид (9-орын) және блиц (7-орын) бойынша топ-10-ға кіреді.

    20 жастағы Бибісара Асаубаева 2019 жылы әйелдер арасында гроссмейстер атанды, ал 2021 және 2022 жылдары блицтен әлем чемпионатын жеңіп алды. Сондай-ақ ол Қазақстан әйелдер құрамасымен бірге шахмат олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алған еді. Бұл Қазақстан үшін тарихи нәтиже болды.

    Еске салайық, Бибісара Асаубаева қарашада Шымкентте өткен FIDE Гран-приінің екінші кезеңінде қола жүлде жеңіп алған еді. Ал ресейлік Александра Горячкина жеңімпаз атанса, әлемнің экс-чемпионы қытайлық Тань Чжуньи 2-орын иеленді.

    Бибісара Асаубаева бірден үш әлемдік рейтингте көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.