Спорт

Зектілері

"Иншалла": Роналдудың ұлы әкесімен бір командада ойнағысы келетінін айтты

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду және оның ұлы
Криштиану Роналду және оның ұлы. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың 14 жастағы ұлы әкесімен бір командада ойнағысы келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Роналдудың Youtube-тағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Криштиану Роналду танымал блогер MrBeast-пен подкаст түсірді. Подкаст барысында блогер футболшының ұлынан "Әкелі-балалы баскетболшылар Леброн Джеймс пен Бронни Джеймс сияқты әкеңмен бір командада ойнағың келе ме?" деп сұрады.

"Иншалла, солай болады деп үміттенемін", - деп жауап берді футболшының ұлы кіші Криштиану Роналду.

Айта кетейік, былтыр Роналдудың ұлы Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының академиясына қабылданған болатын. Жас Роналду футболдағы мансабын испаниялық "Позуэло" клубында бастап, онда ол екі жыл ішінде 55 гол соққан. Содан кейін ол туриндік "Ювентусқа" ауысып, 28 матчта 58 гол соғып, 18 пас берді. Жас футболшы ағылшындық "Манчестер Юнайтедтің" жасөпірімдер командасында да ойнаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2198498-inshalla-ronaldudyng-uly-akesimen-bir-komandada-oinagysy-keletinin-aitty/