jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық жүзгіштер әлем чемпионатында үш бірдей рекордты жаңартты

    Аделаида Пчелинцева
    Аделаида Пчелинцева. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық жүзгіштер Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартуды жалғастыруда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты.

    Кеше, 11 желтоқсанда спортшыларымыз 4х50 метрлік аралас эстафетада жаңа рекорд орнатты.

    Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова Қазақстан құрамасы атынан сынға түсіп, эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын бұл әлем чемпионатында Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада жаңартқан еді.

    Қазақстандық жүзгіштер әлем чемпионатында үш бірдей рекордты жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.