jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

    Нұрғиса Әділетұлы
    Нұрғиса Әділетұлы. Фото: Olympic.kz

    Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы 96 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

    Қоссайыстың қорытындысы бойынша Нұрғиса 388 килограммды (174+214) еңсеріп, әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді.

    Екінші орынды грузиялық спортшы Реваз Давитадзе еншіледі: ол бұл жарыста 387 килограмм (177+210) салмақты көтерді. Үздік үштікті ирандық Али Алипур түйіндеді: ол жалпы есепте 387 килограммды (173+214) еңсере білді.

    Айта кетейік, бұған дейін 81 килограмм салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин күміс медаль иеленген болатын.

    Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.