jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Гандболдан Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Шымкентке оралды (видео)

    Колесниченко Дарья мен Ситникова Мария
    Колесниченко Дарья мен Ситникова Мария. Видеодан кадр: instagram.com/ rsk_shymkent

    Шымкент теміржол вокзалында гандболдан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрама сапындағы шымкенттік спортшылар Колесниченко Дарья мен Ситникова Мария жеңіске жетуде маңызды рөл атқарған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, спортшыларды қарсы алуға олардың жақындары, жанкүйерлер, жергілікті спорт басқармасының өкілдері мен қала тұрғындары жиналған. Шымкенттік қос спортшының жетістігі өңірдегі спорттың дамуына серпін беріп, жас буынға үлкен шабыт сыйлады.

    Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен гандболдан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін өткен шешуші матчта қазақстандық команда Иран құрамасын 28:22 есебімен басым түсіп, жеңіске қол жеткізді. Бұл – Қазақстан құрамасының Азия чемпионаттарындағы төртінші жүлдесі.

    Шымкенттік спортшылардың табысы қаланың ғана емес, бүкіл елдің мақтанышына айналып, спорт саласындағы жаңа биіктерге жол ашты.

    Гандболдан Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Шымкентке оралды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.