jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Оралдық желаяқ 33 мың адам қатысқан Абу-Даби марафонында үздік бестікке ілікті

    Руслан Әбішев
    Руслан Әбішев. Фото: instagram.com/oralsporty

    Оралдық желаяқ Руслан Әбішев 33 мың адам қатысқан Абу-Даби марафонында 10 шақырым қашықтықта бақ сынап, 5-орын иеленді. Бұл туралы "ЖайықПресс" ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бір айдан астам уақыт бұрын оралдық желаяқ Руслан Әбішев Ресейде өткен "Самарская миля" жарысында топ жарған.

    Сол кезде Руслан желтоқсан айында Абу-Даби марафонына дайындалып жатқанын айтқан еді.

    Бүгін таңда Абу-Даби марафонында жарыс жолына шыққан оралдық желаяқ тамаша нәтиже көрсетті.

    10 шақырым қашықтықта бақ сынап, 33 000 желаяқ жарысқан сайыста 5-орын иеленді.

    Бұл — аталған жарысқа барған қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтиже.

    "Ел намысы үшін барымды салдым. Жүлдеге сынық сүйем жетпей қалды. Бірақ 33 мың желаяқ арасында үздік бестікте болғанымның өзі жетістік. Алтынмен тең нәтиже",- деді Руслан Әбішев.

    Оралдық желаяқ 33 мың адам қатысқан Абу-Даби марафонында үздік бестікке ілікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.