Спорт

Зектілері

"Әкімдік солай тапсырды": "Астана" – "Челси" матчындағы билеттердің бағасы неге қымбат болды

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубы
"Астана" футбол клубы. Фото: instagram.com/fca.astana

"Астана" футбол клубының маркетинг және қоғаммен байланыс бөліміне жауапты маман Қайсар Бекенов команданың "Челсиге" қарсы матчындағы билеттердің бағасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі "Соққы және гол" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

12 желтоқсанда "Астана" футбол клубы Алматыда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің 5-турында "Челсиден" 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Ал елордалық команданың маркетинг және қоғаммен байланыс бөліміне жауап беретін маман Қайсар Бекенов бұл матчқа сатылған билеттердің бағасы туралы пікір білдірді.

"Алдын ала әкімдікте жиналыс өткенде, ол жерде бізге билеттің бағасын жоғарылатып қоюды, тапсырған. Себебі кейін билеттің бағасына алыпсатарлар үлкен кесірін тигізбеуі керек болды. Біздің негізгі мақсатымыз ақша табу болмады. Бұл матчты көргісі келген адам бәрібір билет алады. Егер 40 мың теңгенін билетін 10 мың теңге деп сатқанымызда, алыпсатарлар үлкен бағада сататын еді. Былайша айтқанда, алыпсатарларды "жазаладық", - деді Қайсар Бекенов.

Айта кетейік, соңғы 6-турда елордалық "Астана" 19 желтоқсанда сырт алаңда кипрлық АПОЭЛ командасына қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2200787-astana-chelsi-matchyndagy-biletterding-bagasy-nege-qymbat-boldy-markenting-bolimining-mamany-zhauap-berdi/