Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"300 мың теңге берді": каратэден тұңғыш әлем чемпионы жеңісі үшін қандай сыйлық алғанын айтты

Жарияланған күні:

Мөлдір Жаңбырбай
Мөлдір Жаңбырбай. Фото: olympic.kz

Каратэден Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай өзінің осы жеңісінен кейін алған сыйлықтары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Ақырыс Сейітқазының YouTube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы Венгрия астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. 50 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Мөлдір Жаңбырбай италиялық каратэші Эрминия Перфеттоны (6:5) жеңді. Осылайша ол ел тарихында каратэден тұңғыш әлем чемпионы атанды.

"Бізде боксшыларға беріп жатқан премиялардың "П" деген әрпі де жоқ қой. Қызылорда маған 300 мың теңге берді. Азия ойындарында үш қола алып келген жігіттерге де, Қамшыбек Қоңқабаевқа да 300 мың теңгеден берді.

Мен министрдің қабылдауында болдым. Министрлік Қызылорда облысының әкіміне хат жолдап, маған қолдау көрсетуді тапсырған.

Каратэні Олимпиада бағдарламасынан алып тастағаннан кейін біз өз-өзімізге массажист, дәрігер, психолог болып жүрміз. Каратэ Олимпиада бағдарламасында бар кезде жағдай басқаша болатын. Мен мұны ренжіп айтып тұрған жоқпын, біздің спорттағы жүйе сондай. Мысалы, олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем чемпионы болған қыздарға да көлік, үй беріп жатқанын көрдім. Бәлкім, жеке кәсіпкерлер тарапынан берілген шығар, мән беріп қарамадым. Бермеді ме, онда бұйырғаны осы", - деді Мөлдір Жаңбырбай.

Айта кетейік, қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай 2021 жылы өткен Азия ойындарында топ жарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2202206-qyzylorda-300-myng-tengge-berdi-karateden-tunggysh-alem-chempiony-zhengisi-ushin-qandai-syilyq-alganyn-aitty/