jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды (видео)

    Елдос Сметов,  Ербол Мырзабосынов
    Елдос Сметов, Ербол Мырзабосынов. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2024 жылдың үздік спортшысы, ал бапкері Ғалымжан Жылгелдиев үздік бапкер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Марапаттау рәсімінен видео Қазақстан Дзюдо едерациясының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

    "Астанада Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен "Үздік" спорттық премиясында үздіктер марапатталды. Елдос Сметов – 2024 жылдың үздік спортшысы", - делінген жазбада.

    Желі қолданушылары жазба астында жылы лебіздерін білдіріп, спортшының бұл марапатқа әбден лайық екенін жарыса жазуда.

    "Батыр кез келген құрметке лайық", "Алла тіл көзден сақтасын, аққұрдас!", "Қазақтың Тарихында есімі алтын әріппен жазылатын спортшы. Барлық сый-құрметке лайық адам", "Құрметке лайықты споршы", "Біздің батыр", - деп пікір білдірген.

    Сондай-ақ спортшының бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің еңбегі еленіп, жылдың үздік бапкері атанды.

    Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.