jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Әзербайжан футзал құрамасының капитаны ұшақ апатына қатысты тосын мәлімдеме жасады

    Ақтаудағы ұшақ апаты
    Ақтаудағы ұшақ апаты. Фото: ТЖМ

    Футзалдан Әзірбайжан құрамасының капитаны 33 жастағы Ровшан Гусейнли ұшақ құлаған кезде Ақтау әуежайында болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Report.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оның ішінде 42 Әзербайжан, 15 Ресей, 6 Қазақстан және 3 Қырғызстан азаматы болған.

    Ал футзалдан Әзербайжан құрамасының капитаны Астанаға оралу үшін Ақтау әуежайына бара жатқанда қайғылы оқиғаның куәсі болған.

    "Біз Ақтауға Қазақстан кубогына қатысу үшін бардық. Елордаға оралу үшін «Астана» клубының ұжымымен автобусқа отырып, әуежайға аттандық. Ақтау әуежайының маңы ашық әрі бәрі көрініп тұратынын көпшілік біледі.

    Кенеттен айқай-шу басталып, жұрт ұшақ құлағанын айтып жатты. Басымды бұрсам, көк түтін мен лапылдаған жалынды көрдім. Сол маңда өрт сөндірушілер, жедел жәрдем көліктері мен тікұшақтар болды. Оқиғаға байланысты біздің Астанаға ұшатын рейсімізді 4 сағатқа кешіктірді", - деді ол.

    Айта кетейік, ІІМ қайғылы оқиға бойынша тергеуді бастады. Ақтау қаласының маңында АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұшақ апатының себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

    Әзербайжан футзал құрамасының капитаны ұшақ апатына қатысты тосын мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.