jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакинаның жеңісі Қазақстан құрамасын United Cup турнирінің ширек финалына жетеледі

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисшілер Аустралияда өтіп жатқан United Cup турниріндегі екінші матчында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    United Cup турнирі аясында Грекияға қарсы ойында алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші Александр Шевченко грекиялық Стефан Циципасты 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңді. АТР рейтингінде Александр Шевченок 78-орынға тұрақтаса, грекиялық Стефан Циципас 11-орынға жайғасқан.

    Екінші ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екінші грекиялық теннисші Мария Саккариден 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.

    Осылайша, теннистен Қазақстан құрамасы United Cup ширек финалына жолдама алды.

    Сондай-ақ бүгін Қазақстан мен Грекия теннисшілері арасында аралас жұптағы бәсекелері өтеді.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы C тобында өнер көрсетіп жатыр және бірінші матчта Испанияны 2:1 есебімен жеңген еді. Ұлттық команда сапында Шевченкодан бөлек Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Дмитрий Попко және Александр Недовесов бар.

    Елена Рыбакинаның жеңісі Қазақстан құрамасын United Cup турнирінің ширек финалына жетеледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.