"Қазақстан барысы – 2024" турнирінің күміс жүлдегері шаңырақ көтерді
Опубликовано:
"Қазақстан барысы – 2024" турнирінде күміс жүлде еншілеген шымкенттік балуан Ерсұлтан Мұзаппаров үйленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ерсұлтан Мұзаппаров үйлену тойында түсірілген фотоларды Instagram желісіндегі Stories-те бөлісті. Шымкенттік балуан Қаламқас есімді арумен отау құрған. Жас жұбайлардың қуанышына ортақтасып, тойға бірнеше спортшы барған. Олардың ішінде "Қазақстан барысы-2014" турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов та бар.
Ерасыл Мұзаппаров биылғы "Қазақстан барысының" финалында Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаевтан жеңіліп, күміс жүлде иеленген еді. Сондай-ақ спортшы дзюдодан Ақтөбеде өткен ел чемпионатында -100 кг салмақта қола жүлдегер атанды. Ол дзюдодан бұған дейін бірнеше Гран При, Гранд Слэм турнирінде бақ сынаған.
Еске салайық, "Қазақстан барысы-2024" турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаевқа демеушілер көлік мінгізген еді. Сонымен бірге Қажыбаевқа Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев үш бөлмелі пәтер мен демеушілер атынан көліктің сертификатын табыстаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2206854-qazaqstan-barysy-2024-turnirining-kumis-zhuldegeri-shangyraq-koterdi/