jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Жұман Жұмабеков: Әкемнен кешірім сұрап үлгермегеніме өкінемін

    Жұман Жұмабеков
    Жұман Жұмабеков. Фото: youtube.com/Sport+Qazaqstan

    Қазақстандық ММА жауынгері Жұман Жұмабеков Sport+ телеарнасының құрметті қонағы атанып, жүрек жарды сұхбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    34 жастағы спортшы көзіне жас алып, әкесі арасындағы қарым-қатынас туралы ашылып айтты.

    "Осы кезге дейін өкінетін бір зат: әкемнен кешірім сұрап үлгермегенім. Жасаған нәрсем көз алдыма келеді. Құдайдан сол кісіні ақыретімде көрсем деп тілеймін. Қатты ойландыратын тағы бір сұрақ: неге ол кететін кезінде маған айтпады?

    Мен қайтыс болғанын 2-3 күннен кейін естідім. Сенген жоқпын. Кентауға барып өз көзіммен көргенімде, қатты сағыныш болды. Құшақтап, жасаған әрекетім үшін кешірім сұрасам деген секілді ойлар болды. Бірақ бұл мүмкін емес. Бұл өкініш өзіммен бірге кетеді", - деді Жұман.

    Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде All Stars Boxing промоутерлік компаниясының бокс кеші өтті. Қазақстандық спортшы Жұман Жұмабеков ресейлік Искандер Зияевке қарсы кездесу өткізді. 6 раундқа созылған жекпе-жекте Искандер Зияев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Жұман Жұмабеков: Әкемнен кешірім сұрап үлгермегеніме өкінемін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.