jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Рыбакина бастаған теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің жартылай финалына шықты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Artur Widak/NurPhoto via Getty Images

    Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық United Cup турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық теннисшілер United Cup турнирінің ширек финалында Германия құрамасынан басым түсті. Екі ел арасындағы командалық бәсекенің алғашқы ойынын Елена Рыбакина мен неміс спортшысы Лаура Зегумин бастады. Аталмыш кездесуде отандасымыз 2:0 есебімен басым түсті (6:3, 6:1). Ал екінші ойында Александр Шевченко германиялық қарсыласын Даниэль Мазуриді 2:1 есебімен жеңді.

    Жартылай финал аясындағы кездесулер 4 қаңтарда Сиднейде өтеді.

    Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы C тобында өнер көрсетіп жатыр және бірінші матчта Испанияны 2:1 есебімен жеңген еді. Ұлттық команда сапында Шевченкодан бөлек Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Дмитрий Попко және Александр Недовесов бар.

    Рыбакина бастаған теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.