Әлемдік каратэ федерациясы әйелдер арасында -50 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі ТОП-5 спортшының тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әлемдік каратэ федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың қатарында 2021 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль және Ханджоуда өткен Азия ойындарының күміс жүлде иеленген, әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай бар. Ол рейтингте екінші орынға тұрақтады.
-50 келіге дейінгі салмақтағы үздіктер:
- Йоргелис Салазар (Венесуэлла);
- Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан);
- Эма Сгарделли (Хорватия);
- Рим Ахмед Салам (Египет);
- Наталия Варгова (Словакия).
Бұған дейін бес қазақтандық каратэші әлемдік рейтингте ТОП-5 спортшының тізіміне енген болатын. Олардың қатарында -60 келіге дейінгі салмақта ерлер арасынан Азия ойындарының чемпионы Қайнар Алпысбай үздік бестікті түйіндеп тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2207441-karateden-alem-chempiony-moldir-zhangbyrbai-alemdik-retingte-neshinshi-orynda/