АҚШ-та өткен шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Аталмыш бәсекеге қазақстандық спортшылар да қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шахматтан әлем чемпионаты биыл АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтті. Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Қазыбек Нөгербек болды. Бірақ ел спортшылары жүлделі орынға қол жеткізе алмады. Десе де үшеуі де үздік 25 спортшының қатарына ілігіп, ақшалай сыйақы алды.
Бибісара Асаубаева рапид бойынша сынға түсіп 8-орын алғаны үшін 9 мың АҚШ долларын иеленсе, блиц бойынша 5-8 орындарға жайғасып 10 мың доллар алды. Жалпы есепте 19 мың ақшалай сыйақы алды (9 956 000 тг). Ал Меруерт Камалиденова рапидтан 16-орын ($1000) алса, Қазыбек Нөгербек блицтен 22-орын иеленіп ($3000) алды.
Айта кетейік, ерлер арасындағы блицтің финалдық сериясынан кейін Магнус Карлсен мен Ян Непомнящий "армагеддонсыз" шешім қабылдап, чемпиондық атақты бөлісті – бұл шахмат тарихындағы ерекше оқиға.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2207463-10-million-tenggege-zhuyq-qazaq-shahmatshylary-alem-chempionatynda-qansha-paida-tapty/