Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 кітап оқыдым": бокстан әлем чемпионы жеңіске жетуде кітап оқудың пайдасы барын айтты

Жарияланған күні:

Бекзат Нұрдәулетов
Бекзат Нұрдәулетов. Скриншот: youtube.com/@Otpannews

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов кітап оқу дағдысы туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otpannews YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Абылайхан Жүсіпов бауырымыз кітапқа деген сүйіспеншілігімді оятқан болатын. Осы уақытқа дейін оқыған кітаптарымның ішінен Бауыржан Момышұлының "Волоколамск тас жолы" шығармасынан ерекше әсер алғам. Өзім орыс мектебінде оқығандықтан, орыс тіліндегі кітаптарды оқу оңайырақ. Көбіне маған орысша кітаптар сыйлайды. Дегенмен де қазақ тіліндегі кітаптарды да оқып тұрамыз", - деді боксшы.

Сондай-ақ Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетуге кітап оқудың ерекше пайдасы бар екенін жеткізді.

"Әрине, біз кітап оқығанда миымыз, ойлау қабілетіміз ерекше жұмыс істейді. Бокстан бөлек ойымызды да дамытуымыз керек. Шаршы алаңда тек қана күш емес, айла-тәсіл жеңіске жетеді. Ойлауымыз тек бір қалыпта тұрып қалмай, өсіп-жетіліп тұруымыз қажет. Осыған дейінгі бір сұқбатымда биылға 20 кітап оқуды мақсат еткенімді айтқан едім. Бірақ былтыр 15 кітап оқыдым. Биыл да 20 кітап оқу деген мақсатымыз бар", - деді Бекзат Нұрдәулетов.

Еске салайық, Бекзат Нұрдәулетов Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында 86 кг дәрежесінде чемпион атанған болатын. Сондай-ақ ол 2019 жылы өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2208120-byltyr-15-kitap-oqydym-bokstan-alem-chempiony-zhengiske-zhetuge-kitap-oqudyng-erekshe-paidasy-bar-ekenin-aitty/