Жаңа жылдың бірінші күні Шымкентте орналасқан 36814 арнайы операциялар күштерінің әскери бөлімінде қоян-қолтық ұрыстан сайыс өтті. Жарыс жалпы саны 80 қатысушыдан тұратын жеті әскери команданы біріктірді. Турнир 57 келіден бастап 85 келіден асатын жеті салмақ дәрежесінде өтті. Турнирдің басты жүлдесі бөлім командирінің ауыспалы кубогы болды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Жарысқа қатысушыларға арнаған сөзінде №36814 әскери бөлімінің командирі полковник Ұлықбек Сақ олардың дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, спорт пен қызметте одан әрі табыс тіледі.
"Бүгін біз жарқын және әсерлі турнирдің куәсі болдық. Қатысушылардың әрқайсысы ерік-жігерін, табандылығын және нағыз күрес рухын көрсетті. Бұл жарыстар біздің әскери қызметшілеріміздің дайындығы мен білігінің жоғары деңгейін көрсетті.
Жеңімпаздарды лайықты марапатымен тағы да құттықтап, барлық қатысушыға тамаша жекпе-жегі үшін алғыс айтқым келеді", - деп атап өтті полковник Сақ.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші жалпыкомандалық орынды 36814 әскери бөлімінің арнайы (ерекше) тағайындалған командасы жеңіп алды. Турнир барысында қатысушылар әр әскери қызметшіге қажетті маңызды дағдыларырн, өз шеберлігі мен тамаша дайындығын көрсетті.
"Әскери қоян-қолтық ұрыс – бұл әскери қызметшілерді даярлаудың негізгі элементі. Жақын шайқаста атыс қаруын қолдану мүмкін болмаған жағдайда бұл жауынгерлік және спорттық техниканы қолдана білу өмір сүру мен жеңістің негізі болады.
Бұл жарыстар біздің жауынгерлеріміздің дағдыларын жетілдіруге және мінезін шыңдауға көмектеседі", - деп атап өтті №36814 әскери бөлімінің дене шынықтыру нұсқаушысы подполковник Нұрдидар Құдайбергенов.
Сайыс қорытындысы бойынша "Үздік жауынгер" атағы капитан Әмір Ермұхамбетоке табысталса, "Жеңіске деген ерік-жігері үшін" сыйлығы сержант Дархан Барлыбаевқа бұйырды.
Турнир жеңімпаздары грамоталар, бағалы сыйлықтар және бригада командирінің ауыспалы кубогымен марапатталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2208249-shymkentte-askeri-qoian-qoltyq-urystan-saiys-otti/