jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина Қазақстан құрамасына алғысын білдірді (видео)

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram желісіндегі ресми парақшасында United Cup турнирінде бақ сынаған ұлттық құрама мүшелерінің ерекше сәттерінен видео жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елена Рыбакина Аустралияда өткен United Cup турниріндегі ұлттық құрама мүшелерінің ерекше сәттері таспаланған видеоны Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялап, Қазақстан құрамасына арнайы алғысын білдірді.

    "Барлығы үшін рақмет. Керемет уақыт, ортақ жеңістер, турнирдегі лайықты нәтиже үшін, көңілді кештер мен күн сайынғы тамаша көңіл-күй үшін рақмет", - деп жазды Елена Рыбакина.

    Еске салайық, United Cup турнирінің жартылай финалында қазақстандық спортшылар Польша құрамасынан жеңіліс тапты (0:3). Алайда Қазақстан турнирде жарқын ойын көрсетті: топтық кезеңде Испанияны (2:1) және Грекияны (3:0) жеңсе, ширек финалда Германияны (2:1) тізе бүктірді.

    Елена Рыбакина Қазақстан құрамасына алғысын білдірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.