jitsu gif
Спорт

    WTA-ның жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисшілер қай орынға табан тіреді

    Юлия Путинцева
    Юлия Путинцева. Фото: Fran Santiago/Getty Images for ITF

    Бүкіләлемдік әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WTA-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында 6-орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 4821 ұпай бар.

    Ал Юлия Путинцева төрт сатыға көтеріліп, 25-орынға көтерілді. Қазақстандық теннисшінің қоржынында 1894 ұпай бар.

    Зарина Дияс бір сатыға көтеріліп, 381-орынға тұрақтады.

    Жекелей сындағы үздік үштіктің орны өзгеріссіз қалды. Арина Соболенко (Беларусь) көш бастаса, Ига Швентек (Польша) 2-орынға жайғасқан. Ал Кори Гауфф (АҚШ) үздік үштікті түйіндеп тұр.

    Ал жұптық сында Қазақстанның үздік ойыншысы Анна Данилина бір сатыға төмендеп, 23-орынға табан тіреді.

    Еске салайық, қазақстандық теннисшілер биылғы маусымды Аустралиядағы United Cup турнирінде бастаған болатын. Қазақстандық теннисшілер өз тобында көш бастап, плей-офф кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жеткен болатын. Тек жарыстың жартылай финалында Польша құрамасы Қазақстан командасын 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.

    WTA-ның жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисшілер қай орынға табан тіреді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.