jitsu gif
Спорт

    Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің іріктеуінде ойсырай жеңілді

    Михаил Кукушкин
    Михаил Кукушкин. Фото: Dean Mouhtaropoulos/Getty Images

    Теннистен Аустралия ашық біріншілігін іріктеу кезеңінен бастаған қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші айналымнан арі аса алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Эстон теннисшісі Марк Лаялмен кездескен отандасымыз 0:6, 2:6 есебімен ойсырай жеңілді.

    Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 109-орында тұрса, оның эстониялық қарсыласы 234-сатыда. Бүгін кортқа тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко швғады. Оның қарсыласы Гонконг өкілі Чак Лам Колман Вонг.

    Айта кетейік, бүкіләлемдік әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында 6-орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 4821 ұпай бар. Ал Юлия Путинцева төрт сатыға көтеріліп, 25-орынға көтерілді. Қазақстандық теннисшінің қоржынында 1894 ұпай бар. Зарина Дияс бір сатыға көтеріліп, 381-орынға тұрақтады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.