jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Аустралиядағы турнирдің іріктеу кезеңінде сынға түскен қазақстандық теннисшілер алғашқы айналымнан аса алмады

    Михаил Кукушкин
    Михаил Кукушкин. Фото: Matthias Hangst/Getty Images

    Australian Open чемпионатының биылғы кезеңіндегі іріктеу сайыстары басталды. Қазақстанның үш бірдей теннисшісі де алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның үш теннисшісі турнирдің алғашқы айналымында сынға түсті.

    Еліміздің үшінші ракеткасы Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 109-орында) іріктеу кезеңінде эстониялық Марк Лаялдан (234-орын) 0:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Ал Қазақстанның бесінші ракеткасы Тимофей Скатов (196-орын) да хорватиялық Борна Гохоға (446-орын) екі сетте 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

    Жақында United Cup турнирінде ел намысын қорғаған Дмитрий Попко (183-орын) гонконгтық Коулман Вонгке (172-орын) қарсы матчта жеңіліс тапты. Қазақстанның төртінші ракеткасы бұл ойында 5:7, 6:3, 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

    Айта кетейік, әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде қазақстандық теннисшілер сынға түсіп жатқан жоқ.

    Ал Аустралия ашық біріншілігінің жекелей сындағы негізгі кезеңінде Қазақстан атынан Александр Бублик (33-орын), Александр Шевченко (72-орын), Елена Рыбакина (6-орын) және Юлия Путинцева (25-орын) қатысады.

    Аустралиядағы турнирдің іріктеу кезеңінде сынға түскен қазақстандық теннисшілер алғашқы айналымнан аса алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.