Бүгін, 9 қаңтар күні Алматыда фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан құрамасының спортшылары әлем біріншілігінде үш медаль еншіледі. Оның екеуін Анастасия Городко иеленді. Ол могул бойынша екінші орынды және параллель могулда бірінші орынды жеңіп алды.
Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медальға ие болды.
Ал жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға жайғасты. Бірінші орынға Жапония (екі алтын және бір қола медаль) тұрақтаса, ал үшінші орынға Чехия спортшылары (бір алтын) табан тіреді.
Айта кетейік, ертең, 10 қаңтарда спортшылар фристайл-акробатикадан сынға түседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2210061-qazaqstandyq-sportshylar-fristail-moguldan-alem-chempionatyn-ekinshi-orynda-aiaqtady/