jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының финалына шықты

    Дінмұхаммед Райымқұл
    Дінмұхаммед Райымқұл. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Алматы қаласындағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында іріктеу аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл 4-орын алып, финалға жолдама алды. Бұл сайыста үздік нәтиже көрсеткен 6 спортшы ақтық сынға шықты.

    Қалған спортшыларымыздың көрсеткіші: Асылхан Асан 11-орын, Роман Погосян 12-орын, Ұланбәкір Өмірзақов 13-орын. Әйелдер арасында 7-сатыға тұрақтаған отандасымыз Ардана Маханованың финалға шығуына аз ұпай жетпей қалды. Аделина Өмірзақова 9-орын, ал Раяна Маханова 11-орынға ие болды.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары әлем біріншілігінде үш медаль еншіледі. Оның екеуін Анастасия Городко иеленді. Ол могул бойынша екінші орынды және параллель могулда бірінші орынды жеңіп алды.

    Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.