
Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов АҚШ-қа ұшпақ болған кезде келеңсіз жайтқа тап болды. Бұл туралы Essentially Sports сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде Хабиб Нурмагомедовтің ұшақта түсірілген видеосы пайда болды. Болжам бойынша, Нурмагомедов достары мен командасы мүшелерінің қатысуымен 18 қаңтарда UFC 311 турнирі өтетін Лос-Анджелеске ұшпақ болған.
Видеода бұрынғы MMA жұлдызы мен бортсеріктің сөйлесіп тұрған сәті көсетілген. Нурмагомедов апат болған жағдайда шығатын есіктің жанында отырған, ал ол үшін ағылшын тілін білуі және төтенше жағдайда жолаушыларға көмектесуге дайын екенін растауы қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен куәгерлердің айтуынша, Нурмагомедов бортсеріктің талабын бірден түсінбеген, ақыры ережені сақтайтынына сенімді болмаған. Ол бортсерікке тіркеу кезінде ағылшын тілін білетінін растағанын айтқан.
Бортсерік бұрынғы UFC чемпионынан басқа орынға ауысуын немесе ұшақтан шығуын өтінген. Нурмагомедов мұның әділетсіз екенін алға тартып, өз орнында қалғысы келетінін айтқан.
Бортсерік аға әріптесін шақырған, көп ұзамай Нурмагомедов ұшақтан шығып кеткен. Оның соңынан досы ерген.
Бұл видео жарияланғаннан соң Нурмагомедов пен оның өкілдері бұл оқиғаға пікір білдірмеді және БАҚ-тағы ақпараттың рас-өтірігін айтқан жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2210795-baq-habib-nurmagomedov-aqsh-qa-ushatyn-ushaqtan-shygaryldy-video/