Спорт

Зектілері

"Астана" баскетбол клубы ВТБ лигасындағы жиырма төртінші жеңілісіне ұшырады

Жарияланған күні:

"Астана" баскетбол клубының ойыншысы Утоми Узоднима
"Астана" баскетбол клубының ойыншысы Утоми Узоднима. Фото: pbcastana.kz

"Астана" баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында жиырма төртінші жеңілісіне ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

РесейдіңСаратов қаласында ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өткен матчта жергілікті "Автодор" командасы елордалық "Астана" клубын қабылдады. Матчтың нәтижесі алаң иелерінің ірі жеңісімен аяқталды – 106:64 (31:13, 26:16, 26:20, 23:15).

Ойынның ең үздік ойыншысы "Автодордың" қорғаушысы Брайант Кроуфорд болды, ол 21 ұпай жинады. "Астана" клубы сапындағы нәтижелі ойыншы Асқар Майдекин атанды. Ол аталмыш матчта 16 ұпай еншіледі.

"Астана" ВТБ Біріккен лигасының биылғы маусымында жиырма төртінші мәрте жеңіліс тапты. Сондай-ақ елордалық клуб бұл турнирде әлі бірде-бір рет жеңіске жете алмай келеді.

Айта кетейік, еелесі ойынын "Астана" клубы 15 қаңтарда қонақта Қазанның УНИКС командасына қарсы өткізеді.

УНИКС – лиганың үздік үштігіне кіретін клубтардың бірі. Ал 21 қаңтарда "Астана" өз алаңында Красноярдің "Енисей" командасымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2210805-astana-basketbol-kluby-vtb-ligasyndagy-zhiyrma-tortinshi-zhengilisine-ushyrady/