jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Эстониялық cпортшы екі зәулім ғимараттың арасын арқан бойымен жүріп өтті (видео)

    Эстониялық слэклайнер Яан Руз
    Эстониялық слэклайнер Яан Руз. Скриншот: instagram.com/jaantastic

    Эстониялық слэклайнер Яан Руз Дубайдағы зәулім ғимараттардың арасын жалғаған 224 метр биіктіктегі арқанның үстімен жүріп өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WAM агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Агенттік мәліметінше, тартылған арқанның ұзындығы шамамен 100 метр. Яан Руз бұл қашықтықты сақтандыру құралының көмегімен жүріп өткен. Спортшының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода ол арқан үстінде әртүрлі трюк жасағанын көруге болады.

    Руз – слэклайн бойынша үш дүркін әлем чемпионы және көптеген әлемдік рекордтың иесі. Ол өткен жылы қыркүйекте арқан бойымен Азиядан Еуропаға Босфор бұғазы арқылы өткен еді. Сол кезде арқан 165 метр биіктікте орналасты, ал ұзындығы шамамен 1100 метр болды.

    2022 жылы Яан Руз Қазақстанға келіп, әйгілі Бозжыра шатқалындағы "Қос азудың" арасын жалғаған аспалы арқан жолмен жүріп өткен болатын. Спортшы 200 метр биіктікте орналасқан жарты шақырым қашықтықты бағындырды.

    Эстониялық cпортшы екі зәулім ғимараттың арасын арқан бойымен жүріп өтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.