Спорт

Зектілері

Астанада әлемнің таңдаулы жеңіл атлеттері бас қосқан халықаралық турнир өтеді

Жарияланған күні:

Канадалық жеңіл атлет Андре де Грасс
Канадалық жеңіл атлет Андре де Грасс. Фото: Hannah Peters/Getty Images

25 қаңтарда Астанада жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ауқымды шара 2025 жылғы World Athletics Indoor Tour Gold сериясын негізінде жүзеге асады. Аталмыш шара әлемнің тоғыз қаласын қамтиды. Турнирдің финалы 28 ақпанда Мадридте өтеді.

Бәсекеде әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары өнер көрсетеді, оның ішінде Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. 

Астанадағы жарысқа қатысушылар қатарында Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, "Бриллиант лигасы" кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Андре де Грасс (Канада), Париж Олимпиадасының күміс медаль жеңімпазы, жабық алаңдардағы халықаралық жарыстың дебютанты Кишейн Томпсон (Ямайка), Олимпиада жүлдегері Алекс Хэйдок-Уилсон (Ұлыбритания), әлемдік рейтинг көшбасшысы Корнелиус Тувей (Кения), әлем чемпионы Маркиз Денди (АҚШ), Олимпиада финалистері Тина мен Тиа Клэйтон (Ямайка), Олимпиада чемпионы Наташа Моррисон (Ямайка), әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Сада Уильямс (Барбадос) және басқа да мықты спортшылар бар.

Айта кетейік, Астанадағы бұл бәсеке Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2211081-astanada-alemning-tangdauly-zhengil-atletteri-bas-qosqan-halyqaralyq-turnir-otedi/