jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Бас бапкер Олимпиада жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев ресми түрде мансабын аяқтағанын мәлімдеді

    Қамшыбек Қоңқабаев
    Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Luis Robayo/Getty Images

    Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев спорттағы мансабын аяқтағанын жеткізді. Бұл туралы ол "Спорт+" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов "Спорт+" телеарнасының эфирінде Олимпиада жүлдегері Қамшыбек Қонқабаев бокс алаңына қайта оралмайтынын ресми түрде мәлімдеді.

    Қамшыбек Қоңқабаев 33 жаста, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен бірге 2017 және 2019 жылғы әлем чемпионаттарында күміс жүлдегер атанған. Одан бөлек Азия біріншіліктері (2017, 2019, 2021, 2019) және Азия ойындарында күміс медаль алған.

    Еске салсақ, бұған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаевтың командадағы болашағына қатысты пікір білдірген.

    Бас бапкер Олимпиада жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев ресми түрде мансабын аяқтағанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.