jitsu gif
Спорт

    Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден алтын медаль алды

    Марапаттау рәсімі
    Марапаттау рәсімі. Фото: olympic.kz

    Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қорғаған.

    Ширек финалда біздің семсерлесушілер Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түскен. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңген.

    Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы Франциямен кездескен. Семсерлесу барысында ұлттық құрама есе жіберіп жатса да, камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жеткен.

    Қыздар құрамасы төртінші орынға ие болған. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева өнер көрсеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.