Спорт

Зектілері

Қазақстандық керлингшілер 2025 жылғы Азия ойындарының алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әмина Сейітжанова және Азизбек Нәдірбаев
Әмина Сейітжанова және Азизбек Нәдірбаев. Фото: Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанк федерациясы

Керлинг бойынша Қазақстанның аралас құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл спорт түрінен бірінші болып микст-дуэттер бақ сынады. Қазақстан атынан Әмина Сейітжанова мен Азизбек Нәдірбаев қатысты.

В тобының бастапқы турында спортшылар 2022 жылғы Олимпиадаға қатысқан Қытай спортшылары Хань Юй мен Ван Чжиюймен кездесті.

Кездесуде қазақстандықтар 5:11 есебімен жеңіліп қалды. Соңғы сегізінші энд соңына дейін өтпеді, бұл қытайлық жұптың мерзімінен бұрын жеңуіне әкелді.

Қазақстан құрамасы келесі екі ойынын 5 ақпанда өткізеді. Таңертеңгілік сессияда команда Оңтүстік Корея өкілдерімен, кешке катарлықтармен кездеседі.

Әр топта барлығы алты дуэт жарысады. Медальдар үшін таласты жалғастыру үшін үздік үштікке ену керек.

Бұған дейін қазақстандық керлингшілер Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтеріліп көрген емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2217710-qazaqstandyq-kerlingshiler-2025-zhylgy-aziia-oiyndarynyng-algashqy-kezdesuinde-zhengilip-qaldy/