2025 жылғы Азия ойындарының 8 ақпанға арналған жарысқа шығу кестесі
Опубликовано:
Читать на русском
Сенбі, 8 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынады. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша қазақстандық спортшылардың жарысқа шығу кестесін ұсынады.
Бір күн ішінде 17 жүлде топтамасының жеңімпаздары анықталады.
- 07:00. Шорт трек.
Аралас эстафета, 2000 метр. Финал 07:06-ға жоспарланған.
Әйелдер 1500 м. Алина Әжғалиева, Мәдина Жанбусинова, Ольга Тихонова. Финал 08:20-ға жоспарланған.
Ерлер 1500 м. Глеб Ивченко, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша. Финал 08:41-ге жоспарланған.
Әйелдер 500 м. Зейнеп Құмарқан, Яна Хан, Малика Ермек. Финал 10:10-ға жоспарланған.
Ерлер 500 м. Мерсаид Жақсыбаев, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша. Финал 10:19-ға жоспарланған.
- 07:00. Тау шаңғысы. Әйелдер. Слалом
Ксения Бережная, Мария Шкабарова, Александра Скороходова, Александра Троицкая
- 08:00. Шаңғы жарысы. Әйелдер мен ерлер. Классикалық стильдегі жеке спринттер
Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Мария Люфт, Владислав Ковалев, Олжас Климин, Константин Борцов, Ілияс Исабек
Іріктеу жарыстары сағат 10:00-де басталады.
- 09:00. Хоккей. Ерлер. Алдын ала кезең, төртінші тур
Жапония – Қазақстан
- 09:00. Коньки тебу. Ерлер. 100 метр
Артур Галиев, Никита Важенин, Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин
- 09:30. Коньки тебу. Әйелдер. 100 метр
Маргарита Галиева, Дарья Важенина, Инесса Шумекова, Кристина Силаева
- 10:20. Коньки тебу. Ерлер. 1500 метр
Бақдәулет Сағатов, Роман Биназаров, Нұралы Ақжол, Демьян Гаврилов
- 11:28. Коньки тебу. Әйелдер. 1500 метр
Арина Ильященко, Мария Деген, Кристина Шүмекова, Надежда Морозова
Қазақстандықтардың қатысуынсыз өтетін жарыс кестесі:
- 05:45. Сноуборд. Слопстайл. Әйелдер мен ерлер
Финал 08:45 пен 10:25-ке жоспарланған.
- 06:00. Керлинг. Аралас дуэттер
Қола медаль үшін кездесу: Филиппин мен Қытай
Финал: Оңтүстік Корея мен Жапония
07:00. Фристайл. Хафпайп. Әйелдер мен ерлер
Финал 08:00 және 08:12-ге жоспарланған.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2218961-2025-zhylgy-aziia-oiyndarynyng-8-aqpanga-arnalgan-zharysqa-shygu-kestesi/