jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы медальға қол жеткізді

    Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов
    Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов. Фото: Сали Сабиров/Ұлттық олимпиада комитеті

    Шорт-тректен аралас ұлттық құрама 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы медальді әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Сенбі күні шорт-трек бойынша шешуші 2000 метрге жүгірулер өтті.

    Ұлттық құрама Оңтүстік Корея өкілдерінен ғана ұтылып (+0,724 секунд) екінші орынға жайғасты. Жапондықтар үшінші болып мәреге жетті. Қытай құрамасы төртінші орынды иеленді.

    Шорт-трекшілердің күмісі — Қазақстан құрамасы үшін Азиададағы алғашқы медаль. Сонымен қатар бұл 2025 жылғы Азия ойындарында сарапқа салынған алғашқы жүлделер жинағы.

    Сенбі күнгі бағдарламаға барлығы 17 медаль енген. Атап айтқанда, шорт-тректен тағы төрт марапаттар жинағы сарапқа салынады.

    Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы медальға қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.