
Шорт-тректен аралас ұлттық құрама 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы медальді әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Сенбі күні шорт-трек бойынша шешуші 2000 метрге жүгірулер өтті.
Ұлттық құрама Оңтүстік Корея өкілдерінен ғана ұтылып (+0,724 секунд) екінші орынға жайғасты. Жапондықтар үшінші болып мәреге жетті. Қытай құрамасы төртінші орынды иеленді.
Шорт-трекшілердің күмісі — Қазақстан құрамасы үшін Азиададағы алғашқы медаль. Сонымен қатар бұл 2025 жылғы Азия ойындарында сарапқа салынған алғашқы жүлделер жинағы.
Сенбі күнгі бағдарламаға барлығы 17 медаль енген. Атап айтқанда, шорт-тректен тағы төрт марапаттар жинағы сарапқа салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2218964-qazaqstan-quramasy-2025-zhylgy-aziia-oiyndaryndagy-algashqy-medalga-qol-zhetkizdi/