
2025 жылы Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында шорт-тректен Қазақстан құрамасы 500 метрге жүгіруден жүлдесіз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ерлер арасында Мерсаид Жақсыбаев ширек финалдан әрі өтпеді. Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша жартылай финалға жеткенімен медальдар сарапқа салынатын жарысқа өте алмады. Әжғалиев төртінші орын алып, В финалынан көрінді.
Никиша болса, жарыстан шеттетіліп, медальға таласа алмайтын болды. Айта кетсек, дәл осы қашықтықта ол наурыз айында ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның алғашқы күміс жүлдегері атанған еді.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Зейнеп Құмарқан ширек финалдан әрі аспады. Малика Ермек В финалына шығып, жарыс қорытындысы бойынша жарыстан шеттетілді. Яна Хан да жартылай финалда пенальти алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2219000-ush-qazaqstandyq-short-trekshi-2025-zhylgy-aziia-oiyndarynan-shettetildi/