jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық шаңғышы Константин Борцов 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

    Константин Борцов
    Константин Борцов. Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитет

    Шаңғышы Константин Борцов Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші медаль салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Спортшы классикалық стильде жекелей спринтте жеңіс тұғырына көтерілді. Финалда Борцов жеңімпаздан 2,09 секундқа кешірек жетіп, үшінші орынды иеленді. Қытайлық Ван Цян (алтын) мен жапондық Харуки Ямашита (күміс) бірінші және екінші орынға жайғасты.

    Шешуші жарыста тағы бір қазақстандық Олжас Климин бесінші орын алды. Владислав Ковалев пен Ілияс Исабек жартылай финалда жарыс жолынған шығып қалды.

    Әйелдер арасында қазақстандық Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина сәйкесінше бесінші және алтыншы орындарды иеленді. Барлық медальды Қытайдың өкілдері иеленді. Қазақстандық Мария Люфт пен Ксения Шалыгина жартылай финалдан әрі аспады.

    Борцовтың жүлдесі — 2025 жылғы Азия ойындарында ұлттық құрама алған үшінші медаль. Бұған дейін күмісті аралас шорт-тректен конькиші Евгений Кошкин жеңіп алған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.