Спорт

Зектілері

Азиада-2025: қазақстандықтардың 9 ақпандағы жарысқа шығу кестесі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кристина Силаева
Кристина Силаева. Фото: Сали Сабиров/Ұлттық олимпиадалық комитет

Жексенбі, 9 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы Азия ойындарындағы медальдар сарапқа салынатын екінші күн болмақ. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша қазақстандық спортшылардың жарысқа шығу кестесін назарға ұсынады.

Аптаның соңғы күні жүлделердің 13 жиынтығы ойнатылады. Қазақстан құрамасы барлық спорт түрінен қатысады.

Керлингтен әйелдер құрамасы алдын ала кезеңде жарысқа қатысады. Жартылай финалға шығу үшін олар үздік төрттікке енуі керек.

  • 06:00. Керлинг. Әйелдер. Алдын ала кезең, бірінші тур.

Қазақстан – Жапония

Ангелина Эбауэр, Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір

  • 07:00. Шорт-трек. 1000 метр

Әйелдер: Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Ольга Тихонова. Финал 08:25-ке жоспарланған.

Ерлер: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Әділ Ғалиахметов. Финал 08:35-ке жоспарланған.

  • 07:00. Тау шаңғысы. Ерлер. Слалом

Захар Кучин, Ростислав Хохлов, Алексей Кулаков, Данил Сысоев

  • 07:00. Фристайл. Шаңғы акробатикасы.

Әйелдер: Ардана Маханова, Аяна Жолдас

Ерлер: Роман Иванов, Асылхан Асан, Ұланбәкір Өмірзақов

  • 07:30. Ски-альпинизм. Спринт

Әйелдер: Әсем Назырова. Финал 08:50-ге жоспарланған.

Ерлер: Денис Власов, Тимур Артюхин, Шыңғыс Байқашев, Нияз Джанзақов. Финал 09:05-ке белгіленді.

  • 08:00. Шаңғы жарысы. Әйелдер. Жекелей жарыс 5 км еркін стильде
  • 08:55. Шорт трек. Эстафеталар

Әйелдер: Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Яна Хан, Алина Әжғалиева (құрамы өзгеруі мүмкін). Финал 09:46-ға жоспарланған.

Ерлер: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев (құрамы өзгеруі мүмкін). Финал 10:05-ке жоспарланған.

  • 09:00. Коньки тебу. Әйелдер. 500 метр

Инесса Шумекова, Дарья Важенина, Маргарита Галиева, Кристина Силаева

  • 09:55. Коньки тебу. Ерлер. 5000 метр

Вадим Якубовский, Бақдәулет Сағатов, Виталий Щиголев

  • 10:00. Керлинг. Әйелдер. Алдын ала кезең, екінші тур

Қытайлық Тайбэй - Қазақстан

  • 11:50. Коньки тебу. Әйелдер. Командалық спринт

Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина, Инесса Шумекова (құрам өзгеруі мүмкін)

  • 12:30. Хоккей. Әйелдер. Алдын ала кезең, В тобы, төртінші матч

Оңтүстік Корея – Қазақстан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2219057-aziada-2025-qazaqstandyqtardyng-9-aqpandagy-zharysqa-shygu-kestesi/