jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Азиада-2025: фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы күміс медаль еншіледі

    Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев пен Аяна Жолдас (солдан оңға)
    Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев пен Аяна Жолдас (солдан оңға). Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитет

    Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының сегізінші жарыс күнінде қазақстандық фристайлшылар тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Аралас командалық турнирде ел намысын 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Аяна Жолдас, сондай-ақ Шерзод Хаширбаев пен Асылхан Асан қорғады. Ардана Маханова мен Дінмұхаммед Райымқұлов резервте болды.

    Жүлде үшін таласқа барлығы үш команда қатысты: Жапония, Қазақстан және Қытай. Біздің команда 235,39 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.

    Бұл спорт түрінен Қытай чемпион атанды (305,64), Жапония үшінші орынды (191,28) иеленді.

    Осылайша, фристайлшылар Қазақстанға 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарындағы сегізінші медалін әкелді. Ұлттық құраманың қоржынында қазір сегіз жүлде бар: бір алтын, бес күміс және екі қола.

    Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы соңғы медальдық есепте төртінші орында тұр. Рейтингте Қытай көш бастап тұр, одан кейін Оңтүстік Корея, ал Жапония үздік үштікті тұйықтады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.