jitsu gif
Спорт

    Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді

    керлинг
    Керлинг. Фото: t.me/olympickz

    Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында кезекті матчын өткізді. Қазақстандық команда Филиппин құрамасын ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық керлингшілердің қарсыласы Филиппин құрамасы болды. Матч 5:4 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

    Ойынға команда атынан Ангелина мен Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова және Мерей Тастемір қатысты.

    Осылайша, қазақстандық керлингшілер қоржынында екі жеңіс және екі жеңіліс бар.

    Бүгін ұлттық құрама Қатар құрамасына қарсы ойнайды. Матч Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады деп жоспарланған. Бүгін, 11 ақпанда ерлер құрамасы да өнер көрсетеді. Олар 11:00-де Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.