
Сәрсенбі, 12 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынады. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша қазақстандықтардың жарысқа шығу кестесін назарға ұсынады.
Жарыс кезінде жүлденің жеті топтамасы сарапқа салынады. Қазақстан өкілдері төрт спорт түрі бойынша медальдарға таласатын болады.
Керлингтен ерлер құрамасы алдын ала кезеңнің соңғы матчын өткізіп, жеңсе, плей-офф кезеңіне өтеді. Хоккейден әйелдер құрамасы финалдық топта жарысады.
- 06:00. Керлинг. Әйелдер. Алдын ала кезең, алтыншы матч
Оңтүстік Корея – Қазақстан
Ангелина Эбауэр, Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір
- 07:00. Хоккей. Әйелдер. Финалдық раунд, А тобы
Қазақстан – Жапония
- 07:30. Ски-альпинизм. Аралас эстафета
Әсем Назирова, Нияз Жанзақов. Финал 08:40-қа жоспарланған.
- 08:00. Шаңғы жарысы. Әйелдер. 4х5 км эстафета (классикалық және еркін стильдер)
Ксения Шалыгина, Камила Елгазинова, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина
- 10:00. Шаңғы жарысы. Ерлер. Эстафета 4х7,5 км (классикалық және еркін стильдер)
Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин, Владислав Ковалев
- 10:30. Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер. Қысқа бағдарлама
София Самоделкина, София Фарафонова
- 11:00. Керлинг. Ерлер. Алдын ала кезең, А тобы, төртінші матч
Қырғызстан — Қазақстан
Абылайхан Жузбай, Айдос Аллияр, Адиль Жумагожа, Ермек Мусаинов, Арман Иржанов
- 15:00. Мәнерлеп сырғанау. Мұзда билеу. Еркін би
Гауһар Наурызова мен Бойсангур Датиев
- 16:00. Керлинг. Әйелдер. Алдын ала кезең, жетінші матч
Қазақстан — Таиланд
Ангелина Эбауэр, Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір
Қазақстандықтардың қатысуынсыз өтетін жарыстың кестесі:
- 07:10. Фристайл. Биг-эйр. Әйелдер мен ерлер
Финал 08:14 пен 08:26-ға жоспарланған.
- 16:30. Мәнерлеп сырғанау. Спорттық жұптар. Еркін бағдарлама
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2219993-aziada-2025-12-aqpandagy-qazaqstandyqtardyng-zharysqa-shygu-kestesi/