Спорт

Зектілері

2025 жылғы Азия ойындарының 13 ақпанға арналған жарысқа шығу кестесі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Михаил Шайдоров
Михаил Шайдоров. Фото: Jurij Kodrun/International Skating Union via Getty Images

Бейсенбі, 13 ақпанға арналған 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының Астана уақытымен жарысқа шығу кестесін KAZ.NUR.KZ назарға ұсынады.

Бір күн ішінде алты жүлде жинағы сарапқа салынады. Қазақстан өкілдері төрт спорт түрі бойынша медальдар үшін таласқа түседі.

Керлингтен ерлер құрамасы жартылай финалға жолдама алу үшін ойнаса, әйелдер құрамасы алдын ала кезеңді аяқтап, плей-офф кезеңіне жолдама үшін бағын сынайды. Хоккейден ерлер құрамасы жартылай финалдық матчты өткізсе, әйелдер құрамасы шешуші кезеңде екінші кездесуін өткізеді.

  • 06:00. Керлинг. Әйелдер. Алдын ала кезең, сегізінші матч

Гонконг – Қазақстан

Ангелина Эбауэр, Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір

Өтуі мүмкін жартылай финал сағат 16:00-де басталады.

  • 07:00. Хоккей. Ерлер. Жартылай финал

Қазақстан – Қытай

  • 07:00. Биатлон. Әйелдер. 4х6 км эстафета

Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова, Елизавета Белецкая

  • 10:00. Биатлон. Ерлер. Эстафета 4х7,5 км

Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев

  • 10:00. Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер. Еркін бағдарлама

София Самоделкина, София Фарафонова

  • 11:00. Керлинг. Ерлер. Жартылай финалға шығу біліктілігі

Қазақстан – Гонконг

Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мусаинов, Арман Иржанов

Өтуі мүмкін жартылай финал сағат 16:00-де басталады. Әлеуетті қарсылас: Оңтүстік Корея.

  • 11:00. Хоккей. Әйелдер. Соңғы раунд, екінші тур

Қытай – Қазақстан

  • 14:30. Мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Еркін бағдарлама

Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев

Қазақстандықтардың қатысуынсыз өтетін жарыстардың кестесі:

  • 08:00. Сноуборд. Хафпайп. Әйелдер мен ерлер

Финал 09:28 және 09:48-ге жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2220339-2025-zhylgy-aziia-oiyndarynyng-13-aqpanga-arnalgan-zharysqa-shygu-kestesi/