
Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қазақстан құрамасының қарсыласы Гонконг құрамасы болды. Кездесу сегіз ойынның жетеуіне дейін созылып, Аманжол Төлегеновтің шәкірттерінен құралған Қазақстан құрамасы 6:1 есебімен Гонгконг құрамасын ойсырата жеңді.
Қазақстан атынан Ангелина мен Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова мен Мерей Тастемір жарысқа шықты.
Командалар алтыншы эндке дейін тең жағдайда болды, бірақ содан кейін отандық керлингшілер матч барысын өзгерте алды. Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін өтетін жартылай финалда сынға түсетін болды.
Бүгін, 13 ақпанда керлингтен ерлер ұлттық құрамасы да 1/2 кезеңдегі жолдама үшін таласады. Олар Қазақстан уақыты бойынша сағат 11:00-де Гонконгпен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2220342-kerlingten-qazaqstan-quramasy-2025-zhylgy-qysqy-aziia-oiyndarynyng-zhartylai-finalyna-shyqty/