jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Азиада-2025: қазақстандық биатлоншылар эстафетада қола жүлдегер атанды

    Дарья Климина
    Дарья Климина. Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитет

    Биатлоннан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайда өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында эстафетада жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жарыс әрқайсысы алты километрлік төрт кезеңнен тұрды. Қазақстан атынан жарысқа Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қатысты.

    Эстафета барысында команда бірнеше рет алға шыққанымен, басымдылығын сақтай алмады. Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен Қытай құрамасынан 55,6 секундқа кеш қалып, үшінші болып мәреге жетті. Күмісті Оңтүстік Корея өкілдері жеңіп алды (+21 секунд).

    Осылайша 2025 жылғы Азия ойындарындағы әйелдер биатлонынан жарыс бағдарламасы аяқталды. Дәл осындай ерлер арасындағы жарыс та бейсенбіге жоспарланған.

    Азиада-2025: қазақстандық биатлоншылар эстафетада қола жүлдегер атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.