Спорт

Зектілері

Хоккей финалы және жабылу салтанаты: 2025 жылғы Азия ойындарының соңғы күнінің кестесі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Хоккейден Қазақстан құрамасы
Хоккейден Қазақстан құрамасы. Фото: Сали Сабиров/Ұлттық олимпиадалық комитет

14 ақпан, жұма Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының соңғы күні болмақ. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша жарысқа шығу кестесін назарға ұсынады.

2025 жылғы Азия ойындарында сарапқа салынатын төрт медаль жинағы қалды: ерлер мен әйелдер хоккейі және керлинг. Жүлделердің бірі Қазақстан өкілдеріне бұйыратыны анық.

Хоккейден ерлер құрамасы финалда ойнап, Азия ойындарын ең азы күміспен аяқтайды. Әйелдер құрамасының алтын алу мүмкіндігі бар, бірақ медальсыз қалуы да ғажап емес: жеңіс тұғырына көтерілу үшін олар негізгі уақытта финалдық топтың соңғы матчында жеңіліп қалмауы керек. Ал қазақстандық керлингшілер қола үшін таласады.

  • 07:00. Хоккей. Әйелдер. Соңғы раунд, үшінші тур

Оңтүстік Корея – Қазақстан

  • 10:00. Керлинг. Әйелдер. Үшінші орын үшін матч

Қазақстан – Жапония

Ангелина Эбауэр, Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір

  • 11:00. Хоккей. Ерлер. Финал

Қазақстан – Жапония

  • 17:00. Жабылу салтанаты.

Қазақстандықтардың қатысуынсыз өтетін жарыстар кестесі:

  • 06:00. Керлинг. Ерлер

Үшінші орын үшін матч: Қытай мен Гонконг

Финал: Оңтүстік Корея мен Филиппин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2220717-hokkei-finaly-zhane-zhabylu-saltanaty-2025-zhylgy-aziia-oiyndarynyng-songgy-kunining-kestesi/