Спорт

Зектілері

Шорт-тректен ерлер құрамасы Италияда өткен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Жарияланған күні:

Қазақстан ерлер құрамасы
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы. Фото: t.me/olympickz

Италияның Милан қаласында қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы қол жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар жүлдегер атанды. Қола медальді елге Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалияхметов әкелді.

Бірінші орынды Италия жеңіп алса, Канада екінші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, 2025 жылғы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер алтын медаль жеңіп алған болатын.

5000 метр қашықтықта сырғанаудан отандық шорт-трекшілер 6 минут 59 секунд нәтижемен мәреге жеткен. Осылайша олар бірінші орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2221262-short-trekten-erler-quramasy-italiiada-otken-alem-kubogy-kezenginde-qola-zhuldege-ie-boldy/