Спорт

Зектілері

Азиададағы алғашқы алтын: шорт-тректен ерлер командасы қысқы Азия ойындарында топ жарды

Жарияланған күні:

Шорт-тректен ерлер командасы
Шорт-тректен ерлер командасы. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

2025 жылғы қысқы Азия ойындарында (Харбин, Қытай) шорт-тректен ерлер командасы алғашқы алтынды ел қоржынына салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азиада финалында ел намысын Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметовтер қорғаған.

5000 метр қашықтықта сырғанаудан отандық шорт-трекшілер 6 минут 59 секунд нәтижемен мәреге жеткен. Осылайша олар бірінші орын алды.

Бұған дейін 3000 метрге сырғанаудан қазақстандық шорт-трекші қыздар күміс алған болатын.

Еске салсақ, бүгін фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас қола жүлде алды.

Сондай-ақ кеше шаңғы жарысынан Харбинде өткен 2025 жылғы Азиада финалында үшінші болып келген қазақстандық шаңғышы Константин Борцов күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы төртінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Ұлттық құрама максималды 12 ұпай жинап, А тобында бірінші орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 ақпан күні Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Кездесу шамамен Қазақстан уақыты бойынша сағат 9:00-де басталады.

Одан бөлек үш қазақстандық шорт-трекші 2025 жылғы Азия ойындарынан шеттетілді.

Бұған дейін конькиші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтеріліп, күміс жүлде алғанын жазған едік.

Ал Азиаданың бірінші күні шорт-тректен аралас ұлттық құрама Қазақстан құрамасына алғашқы медальді әкеліп, күміс алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2219133-algashqy-altyn-short-trekten-erler-komandasy/